Жаңалықтар
Халықаралық конференция өтті.
2025 жылғы 26 сәуірде Өзбекстан Республикасы, Термез қаласында Термез мемлекеттік университетінде "Мемлекеттілік пен өзбек халқы тарихының теориялық мәселелері: проблема мен шешімдер" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған конференцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеуқұлов Гаухарбек Сейдуллаұлы қатысып, пленарлық мәжілісте мазмұнды баяндама жасады.
Сонымен қатар, конференция аясында 2025 жылғы 25 сәуірде доцент Гаухарбек Тілеуқұлов Термез мемлекеттік университетінің студенттеріне арнап "Түркістан зиялылары тарихынан: Қ.Қожиқов пен С.Лапин" тақырыбында танымдық дәріс оқыды.