ШЫМКЕНТТЕ МҰХТАР ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Бүгін «Қызғалдақ» сарайында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «БІЛІМ. БАҒДАР. БОЛАШАҚ» атты ашық есік күні өтіп, қала мектептерінің бітіруші түлектерін бір алаңға жинады.
     Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Мұхтар Әуезов университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қала мектептерінен 2 150 оқушы қатысты. Олардың қатарында «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестатқа үміткер 500-ге жуық түлек бар.
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған басқосудың басты мақсаты – білімді ұрпақ қалыптастыру, жастардың кәсіби бағдарын айқындау және олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерімен кеңінен таныстыру.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған көрмеде Тарих және педагогика факультетінің білім беру бағдарламалары таныстырылып, талапкерлерге мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісі және білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесудің мазмұнды бөлігі талапкерлер үшін өзекті мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда, ҰБТ форматы, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу тәртібі, жоғары оқу орнына қабылдау талаптары мен мамандық таңдаудың қыр-сыры кеңінен түсіндірілді.
     Ашық есік күні талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, жоғары білім алу мүмкіндіктерімен танысуға және университеттің білім беру бағыттары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік берді.
Image
Image
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.