Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті
- Бердешова Алма +7 702 814 0100
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 287

2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводидактика және цифрлық құралдар арқылы шет тілдерін оқыту саласындағы құзыреттілікті арттыру» тақырыбында жазғы мектеп өткізілді. Іс-шараны қазіргі тілдер және аударма ілімі кафедрасының меңгерушісі Ғ. К. Қарбозова мен гуманитарлық мамандықтар үшін шет тілдері кафедрасының меңгерушісі А. А. Суюбердиева ұйымдастырды. Жазғы мектептің модераторлары ретінде оқытушылар Сауле Әбдіқайым мен Гүлдана Байымбетова жұмыс істеді.
Оқыту Zoom платформасында онлайн форматта өтті және заманауи цифрлық құралдар мен шет тілдерін оқытудың әдістерін меңгеруге бағытталған лекциялар, вебинарлар, шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтарды қамтыды.
Жазғы мектепте 200-ден астам қатысушы – университет профессорлары, мектеп мұғалімдері, бакалавр, магистрант және докторант студенттері қатысты. Спикерлер қатарында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Германиядан келген жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен педагогтар болды.
Бағдарлама аясында ағылшын, француз, неміс, қытай, орыс және қазақ тілдерін оқыту мәселелері қаралды. Оқу аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал модульдік бағдарламаны толық аяқтағандарға 3 академиялық кредит есептелді. Жазғы мектеп кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға және білім беру процесіне заманауи лингводидактикалық тәсілдерді енгізуге маңызды алаң болды.

powered by social2s