Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында орыс филологиясы бойынша олимпиада: таланттар мен ғылыми диалог алаңы

Image

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында орыс филологиясы бойынша олимпиада: таланттар мен ғылыми диалог алаңы

    2025 жылдың мамыр айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында орыс филологиясы бойынша дәстүрлі олимпиада өтті – студенттердің, оқытушылардың және орыс тілі мен әдебиетіне құмар әрбір адамның өміріндегі айтулы оқиға. 

 Олимпиада Қазақстанның әртүрлі қалаларынан орыс әдебиетіне қызығатын студенттердің басын қосты. Іс-шараға 7 жоғары оқу орны қатысып, оны ұйымдастыру Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының орыс филологиясы кафедрасының күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.
  Олимпиада бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: мәтінді жан-жақты лингвистикалық талдау, поэтикалық мәтіндерді салыстырмалы талдау және шығармашылық сайыс. Қатысушылар әдеби мәтіндерді, грамматикалық нормаларды терең меңгергендігін, сондай-ақ әдеби шығармаларды аналитикалық ойлау және түсіндіру қабілетін көрсетуі қажет болды. Шығармашылық байқау - креативті түрде университеттің визиткасын ұсыну. 
  Біздің команда үш адамнан тұрды: екінші курс студенті Құрманбекова Жанна және екі бірінші курс студенттері Шарифулина Регина мен Шаповалова Александра. Студенттер үйлеріне жақсы әсерлер мен жаңа дағдыларды ғана 

емес, сонымен қатар Республикалық студенттік олимпиадада үшінші орын алғаны үшін диплом мен шығармашылық байқауда үшінші орын алғаны үшін сертификатты ала келді. 
 Олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігі үшін университетімізге, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Е. Қалдыкөзоваға және ғылыми жетекшіміз – ф.ғ.к., доцент М.Т. Шакеноваға алғысымды білдіремін. 
  P.S. 2025 жылдың сәуір айында ОҚУ командасы басқа құрамда (2 курс студенттері Розикова М., Курганова А., Құрманбекова Ж.) орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға қатысып, ғылыми жұмыстары үшін 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталып, шығармашылық байқауда 2-ші орынға ие болды. Студенттердің жетістіктері біздің бойымызда жеңіске деген ерік-жігерді, табандылық пен бәсекеге қабілеттілікті, өз бетімізбен жұмыс істеуге үйренуге деген құлшынысты нығайтады.

Image

Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.