Аграрлық факультетте Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 11 сәуірде Аграрлық факультетінде жыл сайынғы өткізілетін Ашық есік күніне Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының жалпы білім беретін мектептерінің, мектеп-гимназиялары мен колледждерінің түлектері мен оқытушылары, сондай-ақ жұмыс берушілер шақырылды.

Кіріспе сөзінде «Аграрлық» факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰАҒА корреспондент мүшесі Г.Р. Тастанбекова факультеттің мақсаттары, міндеттері және қызметінің негізгі бағыттары, ғылыми зертханалардың, «Жаскешу» және «Қайнар бұлақ» оқу шаруашылықтарының жұмысы туралы айтып берді.

Одан кейін кәсіптік бағдарлау орталығының басшысы Т.Т. Заурбеков, "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты А.Жылқыбаев, "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдардың кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Кенжалиева және "Ветеринарлық медицина" кафедрасының меңгерушісі, PhD  Күзербаева А. сөз сөйледі.

Ашық есік күнінің қонақтары «Энза Заден Қазақстан» ЖШС аймақтық сауда өкілі Т.Қармановтың, «Су арнасы - 5С» ЖШС бас инженері Н.Сабдуайтовтың, Қазақ ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясының басшысы Б.Лесов, Польша мен Германияда академиялық ұтқырлық бойынша білім алған студенттер.

Іс-шараға 140-тан астам адам қатысып, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-не түсу рәсімімен танысты және викторинаға қатысып, тарих саласындағы өз білімдерін сынады. Қатысушылар жетістіктер көрмесінен және таныстыру дәрістерінен аграрлық мамандықтар туралы қызықты мағлұмат алып, мамандықтар, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы ақпаратпен үлестірме материалдар алды, Аграрлық факультет студенттерінің қатысуымен концерттік нөмірлерді тамашалады.


Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.