Аграрлық факультет «80 күн - 80 игі іс» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагеріне арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізді

Аграрлық факультеттің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы «80 күн - 80 игі іс» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагеріне арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Кафедра меңгерушісі Г.Д. Кенжалиева, Auezov Star жобасының Film Fest байқауында жүлделі 3-ші орын алған белсенділер, сондай-ақ АП-24-6к2 және АП-24-6к3 тобының кураторлары мен студенттері Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұратын соғыс ардагері Әкімбай Жұмабаевты құттықтады.

Гүлмира Дүйсенбайқызы майдандағы ерліктері мен тылдағы ерен еңбегі үшін ардагерге алғыс айтып, факультет белсенділері мен студенттері әскери тақырыпқа арналған музыкалық шығармаларды орындап, концерттік бағдарлама дайындады.

Ардагерге зор денсаулық тілеп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.


Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.