Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің базасында «Ақылды жасыл ферма» жобасы іске асырылады
- Қаралды: 36
2025 жылғы 16 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен кореялық «Хен» компаниясы арасында «Ақылды жасыл ферма» жобасы бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға кореялық делегация, университеттің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, жергілікті кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Жоба туралы өзекті ақпарат беріліп, қатысушылар үшін сұрақтар мен жауаптар сессиясы ұйымдастырылды. Шара соңында Аграрлық факультет базасында органикалық мақта, васаби және құлпынай өсіретін ферма құрылысына капсула салынды.
«Ақылды жасыл ферма» жобасының М.Әуезов атындағы ОҚО-ның Қазақстандағы ғана емес, халықаралық аренадағы аграрлық инновациялардың көшбасшысы ретіндегі имиджін нығайту және ілгерілету үшін зор әлеуеті бар.