6B03120 Саясаттану

ББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B03120 Саясаттану

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B031 Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B040 Саясаттану

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Кәсіптік құзыреттіліктерге ие, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық, кеңестік, ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметтің басқа да түрлерін орындауға қабілетті, 6B03120– «Саясаттану» мамандығы бойынша жоғарғы білікті саясаттанушы - бакалаврларды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

әлеуметтік білімдер бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Саяси білімдер жүйесі, мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлеріндегі саяси процестердің жиынтығы, саяси процестердің субъектілері, саяси коммуникациялар саласы мен консультациялар, саяси шешімдер қабылдау, сондай-ақ саясатты ғылыми  түрде зерттеу кіреді

Оқыту нәтижелері

ОН1 Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, оның ішінде кәсіби салада, қағидаттар мен мәдениетті және академиялық адалдықты түсінумен коммуникация жасау.

ОН2 Кәсіби қызметінде гуманитарлық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да білімдерді, мәліметтерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және тәжірибелік зерттеуді, экономикалық талдау бойынша білімдерін көрсету.

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы, ақпаратты қорыту, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау білігі болуы тиіс.

ОН4 Тәуекел және белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік дағдылар мен жұмыс дағдыларын қолдану

ОН5 Түрлі саяси жағдайларда бағдар бере білу, командада жұмыс істеу қабілеті, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну

ОН6 Әрбір нақты зерттеу объектісіне әдіснамалық құралдарды пайдалана отырып, саясаттанудың өзекті мәселелерін талдау

ОН7 Саяси өмірдің аспектілері бойынша түсіндіру және олардың теориялық және практикалық құндылығын бағалай отырып, саяси мәдениет пен этикалық нормаларды көрсете отырып, әртүрлі дереккөздерден ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс істеу.

ОН8 Кәсіби қызметте гуманитарлық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де білімдерді көрсету және оларды өзгеріп отыратын саяси шындыққа бейімдеу

ОН9 Адам ресурстарын басқару және билік теориясы, мемлекеттік-әкімшілік басқару негізінде саясат саласындағы саяси-басқару технологияларын талдауды жүзеге асыру, басқару шешімдерін қабылдауға құзыретті түрде қатысу.

ОН10 Саяси диагностикаға және сараптамалық қызметке қатыса отырып, саяси процестердің, саяси-құқықтық құжаттардың ғылыми-талдамалық болжамдары бар түсіндірме жазбалар дайындау.

ОН11 Саяси процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтай отырып, қолданбалы саяси зерттеулерді орындау;

ОН12 Қоршаған шындықты дүниетанымдық, азаматтық және рухани ұстанымдар, әлеуметтік жауапкершілік және ғылыми зерттеу әдістері негізінде бағалау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.