Жаңалықтар
“ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҰҒЫРЫНДАҒЫ ТҰЛҒАТАНУ” ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылғы 24 қыркүйекте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасында «Тарих мамандығына кіріспе» пәні аясында ТП-26-5к тобының студенттеріне арналған «Құндылықтар тұғырындағы тұлғатану» тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізілді.
Ашық дәрісті «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Отарбаева Гүлжан Көбейқызы өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің тарихи тұлғалар туралы білімдерін тереңдету, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси және мәдени мұрасының маңызын түсіндіру, сондай-ақ архивтік құжаттармен жұмыс істеу және тарихи деректерді ғылыми тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту.
Ашық дәріске «Тарих және педагогика» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаев Қ.М., «Ұлттық құндылықтар Академиясы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының басшысы Көздібаева Ә.К., Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Шардарбекова Г.С., архив бөлімінің меңгерушісі Шиганбаев Д.К., Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің басшысы Алашбаева Б.Ә., сондай-ақ «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Атап айтқанда, кафедраның профессор-оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мусаева С.Т., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шабанов Е.И., тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тажмұханова Н.Е., PhD, аға оқытушы Нарымбет Г.Б., магистр, оқытушы Ерланқызы А. іс-шараға белсенді қатысты.
Дәріс барысында тарихи тұлғалардың ел тарихындағы орны, олардың ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен дәріптеудегі рөлі, қоғамдық қызметі және тарихи мұрасы кеңінен қарастырылды. Студенттерге тұлғатану мәселесін зерттеудің заманауи бағыттары таныстырылып, тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін бағалауда тарихи деректерге сыни тұрғыдан қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің мамандары архив қорларында сақталған тарихи құжаттардың ғылыми және танымдық маңызына тоқталып, архивтік материалдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану жолдары жөнінде құнды мәліметтер ұсынды. Бұл өз кезегінде студенттердің тарихи деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Ашық дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тарихи тұлғалардың мұрасын зерделеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және тарихи сананы қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шара болашақ тарихшы мамандардың тарихи-танымдық білімін арттырып қана қоймай, олардың кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және ұлттық тарихи құндылықтарға құрмет сезімін нығайтуға бағытталған мазмұнды білім беру алаңына айналды.
Ашық дәріс соңында қатысушылар тарихи мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.