Талапкерлерге арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды

30 сәуір 2026жылы университеттің кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес Шымкент қаласының бітіруші мектеп түлектеріне арналған «Тарих және педагогика» факультетінің Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ашық есік күні сағат 11:00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің №9 оқу ғимаратының Акт залында өтті.
Қазіргі заманғы кәсіби бағдар беру жұмыстары – бір жағынан адамның жеке қабілеті мен қажеттіліктерін, екінші жағынан еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, талапкерлерді мамандықты дұрыс таңдауға бағыттайтын маңызды жүйе болып табылады.
     Іс-шара барысында «Тарих және педагогика» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы факультеттің мүмкіндіктері мен жетістіктері жөнінде баяндап өтті.
Сондай-ақ «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Отарбаева Гүлжан Көбейқызы мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл өмірдегі ең жауапты шешімдердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар педагогика мамандықтарының артықшылықтары туралы кеңінен баяндады.
     Ал «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, доцент Үсенова Аккенже Мұқанқызы факультеттің білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы мен оқу үдерісі жайында жан-жақты ақпарат берді.
Университеттің Әскери кафедрасының өкілі, запастағы подполковник Токтыбаев Сұлтан Дүйсеналиевич әскери кафедраға қабылдау тәртібі мен білім алушыларды іріктеу кезеңдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара факультеттің белсенді студенттері дайындаған ән-шашу викториналық ойындар ұсынылды. Сонымен қатар мектеп түлектеріне ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетуге тілектестік білдірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, университет пен факультет туралы ақпараттық таратпа материалдар ұсынылды.
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Күнтізбе

Мамыр 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.