Жаңашыл педагогтардың VI халықаралық форумы аясындағы маңызды жетістіктер мен іс-шаралар

Image
Image
Image
Image

Жаңашыл педагогтардың VI халықаралық форумы аясындағы маңызды жетістіктер мен іс-шаралар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» тақырыбында жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумы жоғары деңгейде өтті.

Халықаралық форумға Қазақстан, Ресей, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да елдердің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мұғалімдері де белсенді қатысып, тәжірибе алмасты.

Форумның басты мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, білім беру сапасын жетілдіру, адами капиталды дамыту және тұрақты даму жағдайында педагогикалық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқылау.

Ашылу салтанатында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев сөз сөйлеп, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы Көбенованың құттықтауын жеткізді.

Форум барысында шетелдік ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасады:

  • Гази университеті профессоры Южель Гелишли – «Білім берудегі инновациялық әдістердің рөлі: мұғалімдерді даярлау»;
  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Ташкент филиалы доценті Л.З. Султанова – «Студент және жасанды интеллект: жаңа білім беру тәжірибесінің психологиясы».

Ғылым мен білім жолындағы қос жетістік

Аталған форум аясында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қабылбекова Заурет Бердіқұлқызы жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Профессор екі бірдей номинация бойынша марапатталды:

  • ? «Ең үздік жаппай ашық онлайн курстар» — I дәрежелі диплом
  • ? «Тренинг сабақ» — II дәрежелі диплом
Бұл жетістіктер – кәсіби шеберлік пен үздіксіз ғылыми ізденістің нәтижесі.
Image
Image
Image
Image
Image

Питч-сессия: үздіксіз педагогикалық білім берудің даму бағыттары

Форум аясында «Үздіксіз педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы тенденциялары мен даму болашағы» тақырыбында арнайы питч-сессия ұйымдастырылды.

Мақсаты:
үздіксіз педагогикалық білім берудің заманауи трендтері мен даму перспективаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеу.

Модераторлар:

  • Қалыбекова Асма Ахметқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі;
  • Үсенова Ақкенже Мұқанқызы – «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.

Сессия барысында отандық және шетелдік ғалымдар:

  • білім беру жүйесіндегі инновациялар,
  • жасанды интеллекттің рөлі,
  • педагогикалық сабақтастық мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара нәтижесінде:

  • қазіргі білім беру үрдістері сараланды,
  • өзекті мәселелер көтерілді,
  • нақты ұсыныстар әзірленді.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.