Зиябек Қабылдинов М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ғылыми еңбектерін таныстырды

2026 жылғы 3 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті-не Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясы академигі арнайы сапармен келді.
Сапар аясында университетте ғалымның қатысуымен ғылыми еңбектердің кеңейтілген таныстырылымы өтті. Іс-шараға "Қазақстан тарихы" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар қатысты.
Таныстырылым барысында архивтік деректер мен тарихи зерттеулерге негізделген келесі іргелі еңбектер ұсынылды:

«Сборник архивных документов и материалов. История города Шымкент. Том 18» (Алматы, 2025);
«1931–1933 жылдардағы ашаршылық: Түркістан облысы бойынша нәубет куәгерлері мен ұрпақтарының естеліктері» (V том, Алматы, 2025);
«Репрессированные баи Казахстана (на основе архивных материалов и воспоминаний)» (Алматы, 2026);
«Казахи Омского уезда Акмолинской области»;
«Казахстан в системе международных отношений в Азии: история и современность»;
«XVIII – ХХ ғғ. басындағы қазақ батырлары: тарихи-мәдени зерттеулер»;
«1920–1950 жж. Қазақстан тарихы бойынша ғылыми мақалалар жинағы».

Кездесу барысында ұсынылған еңбектердің ғылыми және деректік маңызы ерекше атап өтіліп, олардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеудегі орны жан-жақты талқыланды. Әсіресе, архив материалдары негізінде дайындалған зерттеулердің жас ғалымдар үшін маңыздылығы көрсетілді.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды.
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.