Студентіміз республикалық байқауда І дәрежелі диплом иегері атанды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Тарих және педагогика факультеті, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 6В03130 – «Психология» білім беру бағдарламасы, ТП-25-13р тобының студенті Искандарова Каролина Бахадуровна «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік студент» атты республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 21 наурыз күні Астана қаласында салтанатты түрде өтті.

Бұл жетістік – студентіміздің білімге деген құштарлығы мен белсенділігінің айқын дәлелі. Университет ұжымы Каролинаға алдағы уақытта ғылыми жолында толағай табыстар мен үлкен жетістіктер тілейді!

Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.