Жаңалықтар
SenimART Volunteer Club – ресми түрде ашылды!
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы базасында жаңа SenimART Volunteer Club еріктілер клубы өз жұмысын бастады.
Бұл бастама – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және қоғамға қызмет ету мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
SenimART – тек клуб қана емес, бұл мейірім, жанашырлық және адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін орта.
Клубтың басты мақсаты – жастардың жүрегіне ізгілік ұялату, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда бірлік пен жанашырлықты нығайту.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі».
Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 2026 жылдың Халықаралық волонтерлік жылы болып жариялануы бұл бағыттың өзектілігін одан әрі арттыра түседі.
Клубтың ашылуына “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының 8D0111 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының PhD докторанты Бердалы Абдыхалықұлының «Студент жастардың әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын волонтерлік іс-әрекет негізінде дамыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы мен арнайы курсы негіз болды.
«Волонтерлік – бұл жай ғана көмек емес, ол – жүректің таңдауы» SenimART Volunteer Club – жастарды игі істерге біріктіретін, қоғамға оң өзгеріс әкелетін жаңа алаң.
Клуб құрамына қосылып, жақсылық жасауға өз үлесіңізді қосыңыз!
SenimART-пен бірге жақсылық жаса!