Жаңалықтар
«Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының студенттері Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде өндірістік практикадан өтуде.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының 6В02220 «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ТП-23-5кр тобының 3-курс студенттері 2026 жылғы 12 қаңтар мен 22 ақпан аралығында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде өндірістік практикадан өтуде. Практика барысында білім алушылар архив мекемесінің қызметімен, архивтік құжаттарды сақтау, есепке алу және жүйелеу ерекшеліктерімен танысады. Топ кураторы Тұрғымбаева Ақбота Сейдалыевна архивтердің тарихи мұраны сақтаудағы рөліне арналған таныстыру дәрісін өткізді.








