Жеңістің 80 жылдығы және кеңес одағының батыры Садық Әбдіжаппаровтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

2025 жылғы 29 сәуір күні Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтың 100 жылдығы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары қатысты. «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанболатов Саттар Есбергенұлы Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтың өмір жолы мен ерліктері туралы баяндама жасады. «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеуқулов Ғахарбек Сейдуллаұлы Оңтүстік өңірден шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы зерттеу деректерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» кафедрасының магистр-оқытушысы Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы ерлік пен батырлық ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, Әуезов университетінің білім беру бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасына тоқталды.
Конференция аясында мектеп оқушыларының ғылыми жобалары таныстырылып, ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, конференция «Ер есімі – ел есінде» деген ұранмен қорытындыланды.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.