Педагогикалық практика – кәсіби шеберлікке бастар жол

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде өндірістік педагогикалық практика өз жалғасын табуда!
Колледж қабырғасында өтіп жатқан өндірістік педагогикалық практика барысында білім алушы студенттер өздерінің ұйымдастырушылық және кәсіби қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетуде. Осы орайда практика барысында студенттердің жан-жақты дамуына, жаңа ортаға бейімделуіне және кәсіби бағдар алуына бағытталған бірнеше маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
1. Тәлімгерлік сағат: «Болашаққа бастар бағыт»
ТП-24-1кс тобының ұйымдастыруымен студенттерге арналған мазмұнды тәлімгерлік сағат өтті. Шара барысында келесі өзекті тақырыптар қамтылды:
* «Студенттік өмір: жауапкершілік пен мүмкіндік»
* «Менің болашақ мамандығым және мен»
* «Диплом алдым, енді не?»
Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
* Ұйымдастырушылар: Канытбек Амина, Гиззатова Дильназ, Мұхтарқызы Аружан.
 «Студенттік өмір — тек білім алу кезеңі емес, болашаққа бағыт қалыптастыратын маңызды мүмкіндік!»
2. «Мен және жаңа орта» психологиялық тренингі
ТП-24-1кс тобының студенттерінің бастамасымен жаңа ортаға келген білім алушыларға арналған арнайы психологиялық тренинг ұйымдастырылды. 
* Мақсаты: Студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуі, бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуы, өзара түсіністік пен жағымды ахуал қалыптастыру.
* Ұйымдастырушылар: Канытбек Амина, Гиззатова Дильназ.
3. Ашық сағат: «Қарым-қатынас – адам өмірінің негізгі факторы»
Педагогикалық практика аясында ТП-23-1К тобының ұйымдастыруымен танымдық ашық сағат өткізілді. 
* Мән-мазмұны: Сабақ барысында түрлі психологиялық тренингтер мен қызықты ойындар ойнатылып, студенттердің өзара қарым-қатынас жасау, бір-бірін тыңдау және түсіну дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
* Ұйымдастырушылар: Сағатбекова Мереке, Абыдрайм Дариға, Сейдалы Ақерке.
Практика жетекшісі: Садывова А. А.
 Қарым-қатынас — түсіністік пен сыйластықтың, өзара сенім мен жақсы қарым-қатынастың негізі! 

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.