Экономикалық теория
- Парақтар kz
- Қаралды: 2558
Кафедра меңгерушісі:
Мергенбаева Азиза Тоймахамбетқызы
Экономика ғылымдарының кандидаты
Мекен жайы: 160013, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 408 бөлме, сымтетік: 8 (7252) 21 – 14 – 01
- Профессорлық-оқытушылар құрамы
- Кафедра тарихы
- Оқу-әдістемелік жұмыс
- Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ
- Тәрбие жұмысы
- Кәсіби бағдар беру
Кафедраның тарихы және тынысы
«Экономикалық теория» - Қазақ химия-технологиялық институты ашылғалы бері жұмыс істеген алғашқы кафедралардың бірі "Саяси экономия" деп аталды. Экономикалық процестердің интеграциялануы мен жаһандану жағдайында нарықтық дүниетанымның қалыптасуындағы фундаменталды кафедра болып табылады.
Кафедраны әр жылдарда басқарған: Джунусбаев М.Д., Нурашева К.К., Назарбекова Д.Б., Райымкулулы С., Утемисова Г.Т., Шерстюк В.Ю., Рахметулина Ж.Б., Уразбаева Г.Ж., Сейтбекова С.Т., қазіргі таңда кафедра меңгерушісі Мергенбаева А.Т.
Тәлім-тәрбие беру мақсатында келесі ұрпаққа қалдырылған өнегелі ұстаздардың еңбек жолдары мен іс-тәжірибелері, өсиеттері, ұстанымдары зор мәнге ие болып отыр. Университет бітірушілерінің есінде өшпес естеліктер қалдырған ғалымдар мен тәжірибелі оқытушылар: Детковская Э.С., Ли Ч.Х., Джунусбаев М.Д., Шим А.Я., Мырзабекова З.М., Ауэшова К.П. және т.б.
Кафедраның профессорлык-оқытушылар құрамы ҚР-ның экономикасының мәселелерін ғылыми шешімдерін іздестіруде ҒЗЖ мемлекеттік бюджеттік «Үдемелі индустриалдық инновациялық даму жағдайындағы Оңтүстік аймақтың тұрақты дамуының ғылыми тәжірибесінің негіздері» тақырыптағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Оның қорытындысы болып жыл сайынғы 50-ден аса ғылыми мақалалардың алыс-жақын шетелдердегі рейтингтік импакт-факторлы басылымдарда, алыс-жақын шетелдердегі журналдарда, республикалық рейтингтік басылымдарда; ҚР-дағы аймақтық, республикалық және халықаралық конференциялардың басылымдарында жарыққа шығуы болып табылады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы оқытушылардың кандидаттық және магистрлік диссертацияларында пайдаланылған, олар Утемисова Г.Т., Темирова Ж.Ж., Кожамкулова И.Е., Жуманова Г.М., Мауленбердиева Г.А., ал Шерстюк В.Ю., Уразбаева Г.Ж., Колдасова Л.С., Абишова А.У. монографияларында.
Кафедра доценты Г.Ж. Уразбаева «Химическая технология неоргани-ческих веществ» кафедрасымен бірлесіп «Исследования изменения содержания санитарно-эпидемилогических, токсикологических и радиологических соеди-нений в томатах, моркови, кукурузе и сое-бобовых культурах при применении гумат содержащих сложно-смешанных NPK-удобрений пролонгированного действия для обеспечения экологической безопасности» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысты.
2017-2018 оқу жылында кафедраның ПОҚ 75 ғылыми мақалаларды жариялады, оның ішінде: импакт-факторлы журналдарда – 3-мақала (2 мақала Scopus базасына енген журналда, 1 мақала Тomson Reider журналында), республикалық журналдарда (ККСОН) – 2-мақала, басқа да журналдарда – 3-мақала, халықаралық конференцияларда (алыс және жақын шетелдерде) – 4-мақала; халықаралық конференциялар еңбектірі жинақтарында (ҚР) – 16-мақала, республикалық, аймақтық және басқа да конференцияларда – 47-мақала.
ҚР БҒМ Ғылым комитеті 2016-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар аясында фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде қаржыландырып отырған «Мемлекет – жеке меншік әріптестігінің нысаны ретіндегі жоғары білім берудің дуалдық оқыту жүйесінде кәсіпкерлерді ынталандыру тетіктерін әзірлеу» атты жобаға кафедраның аға оқытушысы Ө.К. Досалиев қатысып отыр. Жоба жетекшісі-«Қаржы» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Исаева Г.К. (жоба құны – 2 750 689 тг.,12.02.15. күнгі №77-9 келісім-шарт, Астана қ., «ҚР БҒМ Ғылым комитеті» ММ).
Кафедра оқытушылары 2018-2020 жж. арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысып келесідей жобаларды ұтып алды:
1. Кафедра доценты, э.ғ.к. Мергенбаева А.Т. орындаушысы болып табыла-тын жоба: "AP05132706 Разработка экономического механизма регионального развития в Казахстане на основе финансовых инструментов регулирования (в частности муниципальных ценных бумаг) для обеспечения инвестиционной привликательности и высокой конкурентоспособности территории". Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Нурашева К.К., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Бизнес и коммерциализация» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.. Жоба құны – 15 630 171 тг., оның ішінде 2018 жылға – 5 107 680 тг.).
2. Кафедра доценты, э.ғ.к. Уразбаева Г.Ж. орындаушысы болып табыла-тын жоба: "AP05133582 Разработка методики расчета и проектирования тканых армирующих каркасов пожарных напорных рукавов с целью создания новых высокотехнологичных образцов этих технических изделий". Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Мырхалыков Ж.У., М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры. Жоба құны – 18 120 000 тг., оның ішінде 2018 жылға – 6 000 000 тг).
Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2017-2018 жылына бекітілген СҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізілді. Кафедрада «Лидер» 1-3 курс студенттер арасында оқытушылармен бірге ғылыми конференциялар мен конкустарға дайындалып, қатысады.
Студенттер 2018 жылдың 4-5 сәуір айында университет деңгейінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Төртінші өнеркәсіптік революциясын іске асыруда Қазақстан жастарының үлесі» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 21-шы республикалық студенттік ғылыми конференцияның «Экономикалық теория» секциясына қатысқандар саны 76, оның ішінде колледжден – 2 студент, мектептен 5- оқушы қатысқаны жөнінде атап өту керек. Нәтижесінде марапатталғандардың саны – 46, және студенттер оқытушылар мен бірге 50 мақала жариялады.
Студенттердің ғылыми баяндамаларында зерттелетін тақырыптың мақсаты мен міндеті, мәселенің өзекті тәсілдері мен шешу жолдары және ғылыми жаңалықтарының бар екендігі, қосымша видео-ролик пен презентациялық көрсетілімдердің жоғары сапада көрсетілуі көрініс алды.
Жыл сайын кафедрада дәстүрге айналған қазақ және орыс топтарының бірінші және екінші курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізіледі. «Экономикалық теория» кафедрасында 2018жылдың сәуір айында «Экономика негіздері» пәні бойынша 5-ші пәндік олимпиада өтті. Олимпиадада келесі факультеттердің үш тілдік топтарының бірінші курс студенттерінен жиналған командалар қатысты: ХТ, ДШС, ПжМ, АП, ЖП. Әр команда құрамында 6 студент. Жалпы қатысқан студенттер саны – 30 болды. Олимпиадада студенттер «Экономика негіздері» пәні бойынша өздерінің білімділіктерін, тапқырлығын, сауаттылығын және мықтылығын көрсетті, сонымен қатар әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық жағдайлар туралы ақпараттандырылғанын көрсеткендігінің арқасында жеңімпаз белгіленді. Барлық жеңімпаздар грамоталар мен сыйлықтар алды. Ұйымдастыру және студенттердің олимпиадаға дайындалғандығының арқасында олимпиада өте жоғары деңгейде өтті. Барлық жеңімпаздар тәтті сыйлықтар алды. Ұйымдастыру және студенттердің олимпиадаға дайындалғандығының арқасында олимпиада өте жоғары деңгейде өтті.
Кафедрада талантты жас оқытушылар мен қызметкерлер, өзінің ісіне кәсіби берілген мамандар құрамы қалыптасқан, олар: Оразалиева Э.А., Колдасова Л.С., Жуманова Г.М., Досалиев У.К., Мауленбердиева Г.А., Оспан Б.И.
"Экономикалық теория" кафедрасының ПОҚ, оқыту әдістемесін жетілдіре отырып, оқытудың әлем мойындаған инновациялық технологияларымен дәлелдеген жаңа материалды игеру тиімділігін меңгеріп алған.
Біліктілікті жоғарлату бойынша оқу жылы бойында 8 оқытушы біліктілігін жоғарлатты.
Аға оқытушылары Колдасова Л.С. (13.11-25.11.2017ж.), Оразалиева Э.А. (12.02-24.02.2018ж.) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті жоғары оқу орындары оқытушыларының Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында біліктілікті жоғарлатудан өтті.
Э.ғ.к, доцент Кожамкулова И.Е. (02.04-14.04.2018ж.) Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-те Үздіксіз білім беру институтында біліктілікті жоғарлатудан өтті.
К.э.н., доценттері Уразбаева Г.Ж. (06.10-21.12.2017ж.) ағылшын тілін Pre-intermediate деңгейінде, Мергенбаева А.Т. (01.02-04.05.2018ж.) ағылшын тілін Elementary деңгейінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ қарамағындағы Тілдерді дамыту орталығында меңгеру курстарында біліктіліктерін шындады.
К.э.н., доцент Абишова А.У. (26.02.2018ж.) «Ғылыми-техникалық сараптаудың Ұлттық орталығы» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының қызметі. Web of Science мәліметтер базасына еңгізілетін ғылыми мақалаларды баспаға шығару» атты семинарға қатысты.
К.э.н., доцент Мергенбаева А.Т. (25.06-08.07.2017ж.) Польша Республикасындағы Краков қ. Қоғами Ғылыми Академиядағы Қолданбалы ғылымдар факультетінде «Экономика және бизнес бағыты бойынша ғылыми қолданбалы бағдарламасынан» шетелдік тәжіребеден өтті.
К.э.н., доцент Мергенбаева А.Т. (09.04-21.04.2018ж.) Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Білім берудегі Менеджмент» курсын толық тындап өтті.
13-23 маусым 2017 ж. аралығында э.ғ.к, доцент Абишова А.У., э.ғ.к., доцент Кожамкулова И.Е., аға оқытушылар Колдасова Л.С., Оспан Б.И., Жуманова Г.М. «Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі» тақырыбы бойынша біліктілікті жоғарылату курсын бітіріп шықты.
Кафедраның жетістіктері жоғары мектептің басқарудың әртүрлі деңгейінде бағаланған. Утемисова Г.Т. «ҚР-ның үлгілі білім және ғылым қызметкері» төс белгісімен, Уразбаева Г.Ж. «Үздік дәріскер», Л.С.Колдасова «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік аға оқытушысы» атағымен марапатталды.
Оқытушылардың оқу материалдарын тиімді меңгеруі әдістемелік талдауларынан көрінеді. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесі 100-ден аса дәріс және семинар сабақтарын жүргізудің әдістемелік талдаулары мен іскерлік ойындар, кейстер және оқу құралдарын, видеолекциялар дайындаудан көрінеді. Талаптарға сай карта жыл сайын жаңартылып отырылады және мемлекеттік, орыс, ағылшын тілде оқу үрдісінің әдістемелік қамтамассыздандырылуына кафедрада талдау жасалынады. Жоспар бойынша 2017-2018 оқу жылында 25 ОӘӘ жоспарланған, оның ішінде, 10 әдістемелік нұсқау, 8 кейс, 6 оқу құралы, 1 дәріс жинағы. Барлық жоспарланған ОӘӘ кафедра мәжілістерінде талқыланып, баспадан шығаруға ұсынылып оқу әдістемелік бөліміне өткізілді. Кафедрада электронды оқытудың интербелсенді әдістері қолданылған мультимедиялық құралдар бар. Сонымен қатар сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқытушылар – жаңалықтар Уразбаева Г.Ж., Шерстюк В.Ю., Абишова А.У. сабақтарды оқытудың жаңа әдістері мен формаларын белсенді іздестіреді. 2017 жылдың 2-қазанында ЭФ-14-1к1,1к1,2к1,2к2,5к1,5к2 тобының студенттерімен ардагерлер және ұстаздар мерекесін атап өтуге байланысты «Ұстаз – ұрпақ тірегі» атты тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу студенттермен даярланған бағдарламаға сәйкес сәлемдесумен басталып, ұстаздар күнін атап өту тарихымен бүгінгі күнгі ұстаздардың қоғамда алатын орны туралы баяндамамен жалғасты. Келесі кезекте ұстаздарға арналған арнау – әндер, домбырадағы күйлер орындалды, студенттермен дайыдалған әзілдер мен факультет тарихы мен өмірінен слайд-көріністер тамашаланды. Кездесу соңында факультет деканы Сейдахметов М. ардагер ұстаздарды құттықтай отырып, ерең еңбектері үшін алғысын білдірді, сый-сыяпат жасалды. Факультетке еңбегі сіңген э.ғ.д. Ниязбекова Р.К. және э.ғ.к. Райымқұлұлы С. өз сөздерінде ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Қоғамда қалыптасқан саяси тұрақтылық, ауызбіршілік, сыйластық, адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін сақтауды біз өзіміз тәрбиелеп отырған студенттерімізге аманат етіп өтуге тиіспіз деп атап көрсетті.
Кафедра қызметкерлері университет пен «Басқару және бизнес» жоғары мектебі өткізетін барлық жаппай мәдени іс-шараларға қатысты:
- Жаңа жыл,
- Тәуелсіздік күні,
- Ашық есік күндері және т.б..
Сондай-ақ, оқытушылар, халықаралық жағдайлар мен елімізде жүргізіліп жатқан саясат, ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру және салауатты өмірді уағыздау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кафедра оқытушылары оқу жыл барысында №4-шы жатақханада кесте бойынша және мерекелік күндері кезекшілік жүргізді. 2017 жылдың 22-қыркүйекте «Еңбек күніне» орай «Экономикалық теория» кафедра ұжымы еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, өткізілді. 2017 жылдың 17 қазанында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген бейнероликпен кафедра оқытушылары танысып, талқылады.2017 жылдың 22-қарашасында кафедра оқытушылары арасында «Жемқорлықтың алдын-алу және онымен күрес» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Алдымен сөз алған кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент А.Т.Мергенбаева, жұмыс барысында жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті. 2018 жылдың 28-наурызында №4 жатақхана студенттерімен «Біздің біліміміз Тәуекел Қазақстанның өркендеуі үшін» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесу кафедра оқытушыларымен даярланған бағдарламаға сәйкес, «Біздің біліміміз Тәуекел Қазақстанның өркендеуі үшін» атты тақырыпта баяндамамен жалғасты.
“Экономикалық теория” кафедрасында “Әйелдер кеңесінің” жұмысы белсенді түрде атқарылуда, 2017 жылдың 31 қантарында кафедра оқытушылары студентермен бірлесе отырып“ Ене мен келін арасынағы арақатынас” тақырыбында “Дөңгелек үстел” өткізілді. Cонымен қатар “Экономикалық теория” кафедрасының оқытушаларымен “Eңбек пен бақыт егіз” атты тақырыпта “Дөңгелек үстел” уйымдастырды. Аталған іс-шараға бірқатар қонақтар шақырылды:
1) №1ШҚБА бас дәрігері, м.ғ.к Укбаева Г.С.
2) Э.ғ.к Нурмадиева Н.С.
3) Университеттің әйелдер кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Сатаева Л.М.
4) Университеттің әйелдер кеңесінің хатшысы Орынбекова Г.Б.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласына қарасты №9 мектебінде және «Мирас» колледжі, «Болашақ» колледжі, «Отырар» колледжі, «ОҚЭ және С» колледждерінде бітіруші түлектермен кездесулер жүргізді. «Экономикалық теория» кафедрасының оқытушылары М.Әуезов атындағы ОҚМУ бұйрығына сәйкес, ОҚО Сайрам ауданы бойынша кәсіби-бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізу үшін іс-сапарға жіберілген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласына қарасты №59 мектебінде және «ОҚЭ және С», ОҚГЭ колледждерінде бітіруші түлектермен кездесулер жүргізді. «Экономикалық теория» кафедрасының оқытушылары М.Әуезов атындағы ОҚМУ бұйрығына сәйкес, ОҚО Сайрам ауданы бойынша кәсіби-бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізу үшін іс-сапарға жіберілген. Университет тарапынан кафедраға бөлінген, ОҚО Сайрам ауданына қарасты орта мектептерінде, №13 А.Навои орта мектептерінде, №41 М.Оразалиев атындағы орта мектептерінде, №44 «Мадани» орта мектебінде, №63 Қ.Сатпаев атындағы орта мектептерінде, №26 М.Қашқари атындағы орта мектебінде, №65 Ә.Мұзрапов атындағы орта мектептерінде, мектеп бітіруші түлектермен кездесулер жүргізілді. Үгіт-насихат жұмыстар жүргізу барысында оқушыларға біздің университеттің барлық мамандықтары бейнеленген буклеттер мен жарнама плакаттары таратылып берілді, қойылған сұрақтардың барлығына қанағаттанарлық жауаптар алды. Сондай-ақ бұл оқу мекемелерінде біздің университеттің қызметтік өмірі және қабылдау шарттары бейнеленген стенділермен безендірілген. Университеттің күнтізбесіне сәйкес жоғарыда аталған мектептерде кафедраның оқытушылары екі рет мектеп бітіруші түлектермен «Ашық есік» күндеріне шақырылды және кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарын күшейту мақсатында БАҚ-да келесі мақалалар жариаланды: Мергенбаева А.Т., Уразбаева Г.Ж. «Инвестиции в образавание-инвестиции в будущее» «Тәуелсіз Қазақстан» газетінде №11 (039) 25.05.2018 ж. б.2