Ғылыми-зерттеу жұмысы
- Қаралды: 1049
Студенттер ғылыми зерттеу үйірмесінің басты мақсаты.
-жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сқранысына сәйкестендіру
-таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптастыра отырыпшығармашылық кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру
-біріңғай білім ғылым және тәжірибелік үдерістерді қаматамасыз ету
-әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыру
-студенттің қызығушылығын кафедраның ғылыми бағытымен тығызқарым қатынаста бейімдеу.
-оқу жылының басында студенттер ғылыми зерттеу үйірмесінің жиналысы өткізіліп алдағы атқарылатын жұмыс жоспарлары талқыданады.

Жалпы олимпиада 16 білім беру бағдарламалары бойынша өткізілді. Бұл жарысқа еліміздің 18 жоғарғы оқу орнынан 203 үміткер қатысты.
Олимпиада нәтижесінде 6В09111- "Ветеринарлық медицина" БББ бойынша АП-20-8к2 тобының студенті Мырзаханқызы Дина жүлделі 3 орын, АП-20-8к3 тобының студенті Мырзаханқызы Назерке, АП-21-8к3 тобының студенті Зиятхан Кенже және жетекшісі Қамбаров Алтынбек Әкімбекұлы арнайы алғыс хаттармен марапатталды.






Жоба атауы: Қатерсіз және қатерлі ісіктерге қарсы емдік сарысуларды әзірлеу және ауылшаруашылығы жануарларына қолдану.
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия - ғылыми-зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізуге арналған университеттің ішкі органы болып табылады.Зерттеуді жоспарлау және енгізу кезеңдерінде жануарларды пайдалану қауіпсіздігін тәуелсіз бағалау, клиникалық сынақ хаттамасының тиісті клиникалық және ғылыми тәжірибе стандарттарына сәйкестігін бағалау. Алғашқы Биоэтика жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы: ГҚ 2025-2027жж. 2 жоба Вет.мед. каф.24.10.2024ж.
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті» КеАҚ Аграрлық факультеті «Ветеринарлық медицина» кафедрасы ұйымдастыруымен 2025 жылдың 3 желтоқсан күні «Орта Азиядағы ветеринария саласын дамытудағы цифрландыру және ЖИ алғы шарттары»тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Оған алыс-жақын шетелден ғалымдар онлаин және офлаин форматта баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысқан ғалымдар түрлі елдердегі ветеринарлық тәжірибені жақсарту үшін осы технологияларды тиімді пайдаланудың әдістерін ұсынды. Олар ғылыми зерттеулердің негізінде нақты жағдайларды шешу үшін заманауи құралдарды қолдану қажеттілігін атап өтті.
Дөңгелек үстел нәтижесінде ортақ ұсыныстар мен зерттеулердің жаңа бағыттары айқындалды.
Цифрландыру мен ЖИ технологияларының енгізілуі ветеринариядағы жаңа дәуірдің бастауы болып табылады және бұл Орта Азия елдерінің ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының тұрақты дамуына серпін беретін маңызды қадам болып табылады.















