Жаңалықтар
Аграрлық факультет 476 бірінші курс оқушыларына есігін ашты!
- Қаралды: 9
2 қыркүйекте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінде Білім күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты іс-шараны факультет деканы, қауымдастырылған профессор Гүлнар Рахымбердіқызы Тастанбекова ашты. 2025 жылы Аграрлық факультет бірінші курстың 476 студенті үшін агроөнеркәсіптік кешен әлеміне есігін айқара ашты. Мерекелік кездесуге бірінші курс студенттері, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен құрметті қонақтар қатысты.
Мерекелік кездесуден кейін кафедра меңгерушілері бірінші курс студенттері үшін факультеттің оқу-материалдық базасына экскурсия ұйымдастырып, оқу топтарының кураторларымен таныстырды. Студенттерге Аграрлық факультеттің ішкі тәртіп ережелері, ғылыми зерттеу шеңберінде кафедраларда жүргізілетін ғылыми зерттеулер, академиялық және әлеуметтік стипендиялардың мөлшері туралы айтылды. Факультет кітапханасында бірінші курс студенттері университеттің бірыңғай ғылыми-білім беру ортасының мүмкіндіктері, электрондық кітапхана ресурстары туралы білді.
Барлық студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Оқуда, ғылымда, спортта, шығармашылықта және еңбекте табысты болуды тілейміз!