Жаңалықтар
Қауымдастырылған профессор ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!
- Қаралды: 10
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 30 маусымдағы №1022 және №1037 бұйрықтарымен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 40100 - «Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша Аграрлық факультеттің деканы Тастанбекова Гүлнәр Рахымбердіқызына және 40300 - «Ветеринария» ғылыми бағыты бойынша «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы Күзербаева Айсұлу Тұрмахамбетқызына берілді.
Әріптестерімізді құттықтаймыз! Білім беру және ғылыми қызметте одан әрі табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!