Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің түлектері диплом алды
- Қаралды: 8
Аграрлық факультеттің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі 2025 жылғы 3 шілдеде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мәжіліс залында өтті. Биыл 367 түлек диплом алды, олардың 21-і университетті үздік бітірді. Түлектердің арасында агрономдар, жеміс-көкөніс өсіруші агрономдар, топырақтанушы-агрохимиктер, өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі агрономдар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиялары, ветеринарлық фельдшерлер, жерге орналастырушылар, кадастрлық инженерлер, аграрлық техника және технологиялар инженерлері, су ресурстары және суды пайдалану инженерлері бар.
Іс-шараға әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғ.А. Бесбаев, Аграрлық факультеттің деканы, қауымдастырылған профессор Г.Р. Тастанбекова, кафедра меңгерушілері: биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Жылқыбаев, қауымдастырылған профессор Г.Д. Кенжалиева, қауымдастырылған профессор А.Т. Күзербаева, сондай-ақ оқытушылар мен ата-аналар қатысты.