Жаңалықтар
Аграрлық факультетте Auezov university - 2025 халықаралық жазғы мектебі өткізілді
- Қаралды: 11
Аграрлық факультетте 2025 жылғы 02-13 маусым аралығында «Ауыл шаруашылығын цифрландыру: технологиялар мен инновациялар» тақырыбында Auezov university - 2025 халықаралық жазғы мектебі өткізілді. Жазғы мектептің жұмысына 5-тен астам елдің шетелдік және отандық жетекші профессорлары қатысты.
Халықаралық жазғы мектептің мақсаты - ғалымдар мен мамандарды (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан) Қазақстанда және шетелде ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың жаһандық міндеттерін талқылауға және практикалық және тиімді шешімдер қабылдауға тарту.