Жаңалықтар
Аграрлық факультетте СҒЗЖ байқауының II кезеңінің қорытындысы шығарылды
- Қаралды: 211
Аграрлық факультетте 6B08710 «Аграрлық техника және технология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының II кезеңінің қорытындысы шығарылды. Комиссияның қарауына 4 ЖОО-дан 9 жұмыс (10 студент, 9 ғылыми жетекші) ұсынылды. Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, құрамында 5 адам бар конкурстық комиссия (М.Әуезов атындағы ОҚО Басқарма Төрағасы-ректоры 05.05.2025 ж. № 93-нқ бұйрығымен бекітілген) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен марапаттауға мынадай жұмыстарды ұсынуды шешті:
I дәрежелі дипломмен «Топырақ өңдеу жүйесінің және азот тынайтқыштарының күріш өнімділігіне әсері» атты ғылыми жұмысы, авторы Ш.Т. Қасымбай, ғылыми жетекшісі - PhD докторы Б.Ш. Құлтасов (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті).
II дәрежелі дипломдармен мынадай ғылыми жұмыстар: «Тұқым бөлгіштің оңтайлы параметрлерін негіздеу», автор А.Дулатова, ғылыми жетекші – ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі Т.К. Төлегенов (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) және «Мульчирлейтін үлдір қалдықтарын жоюдың механикаландырылған технологиясы және т.б егіс бетінен икемді тамшы таспасы», авторы Қани Б.Ә., ғылыми жетекшісі - Ниязбаев А.К., PhD докторы, қауымдастырылған профессор (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті).
ІІІ дәрежелі дипломдармен мынадай ғылыми жұмыстар: «Топырақ өңдейтін - егу машинасының тегістеу бөлігін әзірлеу», авторы Ә.А.Темірханова, ғылыми жетекшісі - М.А.Адуов, т.ғ.д., профессор (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті); «Шахта құдықтарын тазалау кезінде топырақ шөгінділерін шаю мен кетірудің пневмогидравликалық әдісін зерттеу және жылжымалы қондырғының эксперименттік үлгісін әзірлеу», авторы А.О. Мұхаметкерім, ғылыми жетекшісі - Е.С. Сарқынов, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) және «Ауылшаруашылық машиналарының жер өңдеу құралдарының жұмыстық мерзімін ұзарту» ғылыми жұмысының авторлары Айдар Н.С., Сәрсенғали С.С., ғылыми жетекшісі - т.ғ.к., доцент Ысқақ Е.Н. (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті).