Жаңалықтар
Облыстың екі ауданында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілді
- Қаралды: 17
2025 жылғы 15-16 мамырда «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының ауыл шаруашылығы ғылымдары философиясы докторы Бекзатхан Құлтасов облыстың Ордабасы және Отырар аудандарында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. М.Жұмабаев және Қ.Мұңайтпасов атындағы орта мектептің бітіруші сыныптарына университет пен мамандықтар туралы брошюралар мен материалдар таратылды, атап айтқанда 6B07360 Кадастр, 6B07350 Жерге орналастыру, 6В08710 Аграрлық техника және технологиялар, 6B08610 Су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламалары бойынша.