Аграрлық факультет Auezov university - 2025 халықаралық жазғы мектебін өткізу туралы хабарлайды

Аграрлық факультет Auezov university - 2025 «Ауыл шаруашылығын цифрландыру: технологиялар мен инновациялар» халықаралық жазғы мектебін өткізетіндігін қуана жариялайды.

Жазғы мектепте отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс өтеді. Бұл жазғы мектеп - мамандарға өз білімдерін арттыруға, ал студенттерге заманауи курстарды игеруге және дипломдарындағы кредиттер санын ұлғайтуға тамаша мүмкіндік.

Мектеп Zoom платформасында 2025 жылғы 02-13 маусым аралығында екі апта бойы онлайн форматта өткізіледі. Бағдарлама сәтті аяқталған соң қатысушылар жазғы мектептен өткені туралы сертификат алады.

Еске салайық, өтініш пен сауалнама берудің соңғы мерзімі - 2025 жылғы 26 мамыр.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.