Жаңалықтар
Аграрлық факультетте «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
- Қаралды: 4
2025 жылғы 24-25 сәуірде Аграрлық факультеттің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді.
Ашылу салтанатында М.Әуезов атындағы ОҚУ бірінші проректоры Құрманғалы Сарықұлов, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Айгүл Наукенова, Аграрлық факультет деканы Гүлнәр Тастанбекова және кафедра меңгерушісі Гүлмира Кенжалиева сөз сөйледі.
Олимпиада командалық жарыс түрінде екі турда өтті:
I тур - қатысушылар тест тапсырмаларын орындады.
II тур – Қатысушылар «Геоақпараттық жүйелер мен қазіргі геодезиялық әдістерді қолдану арқылы жер кадастры жұмыстарының сапасын арттыру» тақырыбында жобаны қорғады.
Олимпиадаға 10 команда (30 қатысушы) қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте «IQADAM» командасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1-орынды иеленді; 2-орынды «Кадастр-ЕҰУ», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «GeoCad», Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті командалары бөлісті; 3-орынды «Бозжыра», Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Lady GIS», Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті және «GeOral», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті иеленді.
Командаларды жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!