Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің белсенділері волейболдан факультетаралық жарыста бірінші орынды иеленді
- Қаралды: 147
2025 жылғы 10 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Буревестник» спорт кешенінде факультеттер мен жоғары мектеп студенттері арасында волейболдан факультетаралық жарыс өтті. Аграрлық факультеттен команда капитаны Совет Ният (АП-24-5к2), Ерхан Ғалымжан (АП-24-1к), Жүргенбай Бексұлтан, Тұрғанқұл Әбдірахман (АП-24-9к), Жұмаділ Дінасыл (АП-24-8к1) Абдиашим Бақдаулет (АП-24-3к), Бахтияров Жахонгир (АП-24-6к2), Қасымханұлы Дарын, Арғынғазиев Арсен (АП-24-8р) сынды белсенділер қатысты.
Волейболдан факультетаралық жарыстарды «Бизнес және басқару» жоғары мектебінің басшылығы мен белсенділері «80 күн - ізгі істер 80» акциясы аясында ұйымдастырды.
Аграрлық факультеттің деканаты команданы бірінші орынды иеленгенімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңіс тілейді!
.