Жаңалықтар
Аграрлық факультетте Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлері күніне арналған форум өтті
- Қаралды: 25
2025 жылғы 10 сәуірде Аграрлық факультеттің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлері күніне арналған «Жер ресурстарын басқарудағы цифрландыру процесінің қазіргі тенденциялары» тақырыбында форум өткізді.
Форум жұмысына Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Жерге орналастыру, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру басқармасы, Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы, Қызылорда облысының Ауыл шаруашылық басқармасы, Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «GARANT» ЖШС өкілдері қатысты.
Талқылаудың басты тақырыбы АӨК жер-ресурстық әлеуеті, цифрлық трансформация және цифрландыру түсініктері, сондай-ақ жер ресурстарын басқаруға цифрлық инновацияларды енгізу қажеттілігі болды. Құттықтау сөзінде Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.А. Бесбаев және Аграрлық факультеттің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰАҒА корреспондент мүшесі Г.Р. Тастанбекова АӨК жер-ресурстық әлеуетін басқару процесі мен тетігін кез келген деңгейде шаруашылық жүргізу мен басқарудың цифрлық трансформациясы ауыл шаруашылығы алқаптарын неғұрлым тиімді және ұтымды пайдалануға ықпал ететінін - аграрлық өнім өндіру көлемін ұлғайту, сала мен жекелеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, олардың қаржылық тұрақтылығын нығайту атап өтті.