Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес студенттердің рухани және эстетикалық тәрбиесі оның мәні мен мақсатын ашатын тақырыптарда топ эдвайзерлері тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Студенттер мен топ эдвайзерлері арасында Халықаралық студенттер күні мерекесіне байланысты студенттерді студенттер күнімен құттықтап, студенттер тарапынан әр түрлі көзқарастар талқыланды.
3.1. Қыркүйектің 2-ші жексенбісінің Отбасы күні аталып өткізуіне байланысты «Мықты ұлт отбасында қалыптасады» атты тәлімгерлік сағаты.
Қазақстанда жыл сайын атап өтілетін Отбасы күніне орай, «Мықты ұлт отбасында қалыптасады» тақырыбында тәлімгерлік сағат ХТ-24-8к, ХТ-24-18к, ХТ-24-21к, ХТ-24-2к, ХТ-24-3к, ХТ-23-2к, ХТ-23-2тк, ХТ-23-18к, ХТ-23-18тр, ХТ-23-8к, ХТ-22-2к, ХТ-22-18к, ХТ-22-18тк, ХТ-22-18а, ХТ-22-8др, ХТ-21-2к, ХТ-21-8тк, ХТ-24-2ру топтарда өткізілді. Іс-шараның фнегізгі мақсаты — студенттерге отбасылық құндылықтардың маңыздылығын ұғындыру, ұлттық тәрбие мен адамгершілік негіздерін дәріптеу болды.
Тәлімгерлік сағат барысында студенттер Отбасы күні туралы мағлұмат алып, қазақ отбасының ерекшеліктері мен дәстүрлері жайлы пікір алмасып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, жастардың бойында отбасына деген құрмет, жауапкершілік пен ұлттық сана қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні зор сұхбат жүргізілді. Шара жылы әрі достық атмосферада өтті және тәрбиелік мәні зор болды.
3.2. «Аты өшпес тарихи тұлға – С.Қожановтың туғанына 130 жыл» атты тәлімгерлік сағаты
«Аты өшпес тарихи тұлға – Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл» тақырыбында тәлімгерлік сағат ХТ-24-8к, ХТ-24-18к, ХТ-24-21к, ХТ-24-2к, ХТ-24-3к, ХТ-23-2к, ХТ-23-2тк, ХТ-23-18к, ХТ-23-18тр, ХТ-23-8к, ХТ-22-2к, ХТ-22-18к, ХТ-22-18тк, ХТ-22-18а, ХТ-22-8др, ХТ-21-2к, ХТ-21-8тк, ХТ-24-2ру топтарда өткізілді. Іс-шараның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы С. Қожановтың өмір жолы мен тарихи мұрасын студенттерге таныстыру, ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Тәлімгерлік сағат барысында Сұлтанбек Қожановтың саяси-қоғамдық қызметі, Алаш қозғалысына қосқан үлесі, білім мен мәдениет саласындағы еңбектері туралы мәлімет берілді. Студенттер тарихи деректермен танысып, тұлғаның ел тағдырындағы маңызы жайында ой бөлісті. Сонымен қатар, бейнематериал көрсетіліп, еркін пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
3.3. С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты тәлімгерлік сағаты
Көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» тақырыбында тәлімгерлік сағат ХТ-23-18к, ХТ-23-18тр, ХТ-23-8а, ХТ-23-8к топтарда өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің ірі өкілі С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның әдеби және тарихи мұрасын бағалау, жастардың бойында отансүйгіштік пен рухани-мәдени танымды дамыту.
Тәлімгерлік сағат барысында ақынның өмір жолы мен шығармаларына шолу жасалды, поэзиясынан үзінділер оқылып, студенттер арасында талқылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, С. Сейфуллиннің Алаш зиялыларымен рухани байланысы мен қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі жайлы пікір алмасу өтті. Іс-шара мазмұнды, тәрбиелік және танымдық мәні жоғары деңгейде өтті.
3.4. Бейімбет Майлиннің 130 жыл туғанына орай «Бейімбет Майлин – кестелі ойдың шебері» атты тәлімгерлік сағаты
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин – кестелі ойдың шебері» атты тәлімгерлік сағат ХТ-23-2к, ХТ-23-2тк, ХТ-24-2к топтарда өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын түсіндіру, студенттердің әдеби танымын кеңейтіп, ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Тәлімгерлік сағат барысында жазушының өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы баяндалды. Қатысушылар Майлин шығармаларынан үзінділер оқып, оның қысқа да нұсқа, терең мағыналы туындыларындағы әлеуметтік шындық пен қарапайым халық бейнесі жайында ой бөлісті. Сонымен қатар, жазушының қазақ прозасы мен сатира жанрына қосқан үлесі де кеңінен талқыланды.
3.5. «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға – Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл» атты тәлімгерлік сағаты
«Ұлт тарихындағы жарқын тұлға – Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін тереңірек таныту, оның тарихи тұлға ретіндегі маңызын ұғындыру және студенттердің отансүйгіштік рухын нығайту.
Сағат барысында Т. Рысқұловтың өмір жолы, саяси-қоғамдық қызметі мен халқына сіңірген еңбегі туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Студенттер тарихи деректер мен архивтік материалдар негізінде тұлғаның ұлттық мүдде жолындағы күресін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында пікір алмасу, сұрақ-жауап және ой толғау ұйымдастырылды.
3.6. Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні атты тәлімгерлік сағат.
Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай тәлімгерлік сағат ХТ-22-18к, ХТ-22-18тк топтарда өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ғылым саласындағы әйелдердің рөлін насихаттау, жас ұрпақты ғылымға қызықтыру, әсіресе қыз балалардың ғылыми әлеуетін дамытуға ынталандыру және гендерлік теңдік құндылықтарын дәріптеу.
Тәлімгерлік сағат барысында ғылым саласында жетістікке жеткен қазақстандық және шетелдік әйел ғалымдардың өмірі мен еңбектері туралы мәліметтер ұсынылды. Студенттер ғылымдағы гендерлік кедергілер мен мүмкіндіктер жайында пікір алмасып, «Болашақ ғалым қандай болу керек?» тақырыбында ой-толғау жүргізді. Іс-шара мотивациялық сипатта өтіп, студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдағы әйел рөлінің маңыздылығын ұғынуға жол ашты.
3.7. «Үздік студент ата-анасы мен мектебіне алғыс» жобасына қатысу.
Кафедра студенттерінің ата-аналарына алғыс хаттар жіберілді.
3.8. Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай, «Мен өзім тауда туып, тауда өстім» атты тәлімгерлік сағаты
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Мен өзім тауда туып, тауда өстім» атты тәлімгерлік сағат ХТ-23-18к, ХТ-23-18тр, ХТ-23-8а, ХТ-23-8к топтарда өткізілді. Іс-шараның мақсаты – І. Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын терең түсініп, жастарды рухани құндылықтарды бағалауға баулу.
Тәлімгерлік сағат барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасалып, «Құлагер», «Дала», «Күй» сияқты туындыларындағы ұлттық рух пен поэтикалық шеберлік туралы айтылды. Студенттер ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, оның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін бейнелейтін ойларымен бөлісті.
3.9. «Қазақстан – батырлар елі» Отан қорғаушылар күні, Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған күні мейрамдарына арналған тәлімгерлік сағат
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында тәлімгерлік сағат ХТ-23-2к, ХТ-23-2тк, ХТ-24-2к топтарда өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге соғыс жылдарындағы халқымыздың ерлігін, батырларымыздың жанқиярлық істерін үлгі ету, отансүйгіштікке, тарихи жадыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәлімгерлік сағат барысында соғыс тарихына шолу жасалып, Қазақстаннан шыққан батырлар мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері туралы баяндалды. Қатысушылар майдангерлер туралы деректі бейнематериалдар көріп, «Батырлар есімі – мәңгі жадымызда» атты шығармашылық жұмыстармен бөлісті. Студенттер соғыс туралы өлеңдер оқып, үнсіздік минуты жарияланды. Іс-шара студенттердің бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға және өткенге тағзым етуге бағытталды.
3.10. Отбасы бақыт мекені тақырыбында тәлімгерлік сағат
«Отбасы — бақыт мекені» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты — студенттерге отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, мейірімділік, сыйластық, жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді дамыту.
ХТ-23-2к, ХТ-23-2тк, ХТ-24-2к топтарында сағат барысында отбасы ұғымының мәні, оның тәрбиелік қызметі мен ұлттық дәстүрдегі орны туралы мағлұмат берілді. Студенттер өз отбасылары туралы жылы лебіздерін білдіріп, шағын эсселер мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Пікір алмасу, сұрақ-жауап, бейнеролик көрсету арқылы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артты.
3.11. Білім алушылар арасындағы харассментке қатысты сауалнама ұйымдастыру
Кафедра студенттері оқу жылы бойы әлеуметтік сауалнамалар мен сауалнамаларға қатысты.
3.12. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында тәлімгерлік сағат.
Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында тәлімгерлік сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерге отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, ұлттық тәрбие мен дәстүрге негізделген отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ жастардың бойында сыйластық, жауапкершілік және сүйіспеншілік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру.
ХТ-24-18к, ХТ-24-21к, ХТ-24-8к топтарында сағат барысында отбасының тәрбиелік рөлі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ұлттық салт-дәстүрлердің отбасы тіршілігіндегі орны жайлы мағлұматтар берілді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, отбасына деген алғыстарын білдіріп, тақырыпқа сай шығармашылық тапсырмалар орындады.
3.13. "Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз" атты тәлімгерлік сағат.
Көктем мен жаңарудың символы болып табылатын Наурыз мейрамына орай «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» атты тәлімгерлік сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге Наурыз мерекесінің тарихи, мәдени және рухани маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті арттыру және ұлт бірлігін дәріптеу.
Тәлімгерлік сағат барысында Наурыздың шығу тарихы, оның түркі халықтарының өміріндегі орны, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен осы мерекеге тән жөн-жоралғылар жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, студенттер ән мен жыр арқылы мерекелік көңіл күй сыйлап, ұлттық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы өз белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен жастардың рухани-мәдени танымын арттыруға септігін тигізді.