Жаңалықтар
«Дәмді Fest-2025» фестивалі аясында «Дәм мен дәстүр» көрме-байқауы өтті


Жұмысшы мамандық жылы аясында «Дәм мен дәстүр» көрме-байқауы өтті
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандық жылы ретінде аталып өтіп, елімізде бұл бағытта ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Дәмді Fest-2025» фестивалі аясында өткен «Дәм мен дәстүр» көрме-байқауы.
Аталмыш байқауға Шымкент қаласының мектеп оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар ұлттық тағамдарды дайындау шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктерді таныстырды. Байқау барысында оқушылардың тағам дайындау дағдылары мен шығармашылық қабілеттері жоғары бағаланды.
Іс-шараның нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен мектеп оқушылары мен жетекшілері арнайы дипломдармен марапатталды.
Бұл байқау жастар арасында жұмысшы мамандықтардың, әсіресе аспаздық өнердің мәртебесін көтеруге және ұлттық мәдениетімізді насихаттауға бағытталған маңызды шара болды.
powered by social2s



