2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді


        М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 12 наурызында Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесу ұйымдастырылды.

        Іс-шара «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің бастамасымен өткізіліп, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен халықаралық серіктестік байланыстары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

        Кездесу барысында оқушылар оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар, мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар және болашақта бәсекеге қабілетті маман болудың негізгі талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Іс-шара интерактивті форматта өтіп, мектеп түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл кездесу талапкерлердің кәсіби бағдарын айқындауға, жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыруға және саналы түрде мамандық таңдауына оң ықпал етті.


Күнтізбе

Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.