Жаңалықтар
2026 жылғы 4 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының ұйымдастыруымен №78 жалпы орта мектеп базасында мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға кафедраның аға оқытушылары Кенжеханова М.Б., Жолдасбекова Г.Ш., Үсенова Ж.Н., Қайсарова А.А., Орманова Г.М. белсенді қатысып, оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында түлектерге жоғары білім алу мүмкіндіктері, мамандық таңдау ерекшеліктері, сондай-ақ 6В07510 – «Стандарттау және сертификаттау» және 6В07513 – «Метрология» білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар алды. Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары жастардың кәсіби жолын дұрыс айқындауына және саналы шешім қабылдауына зор ықпал етеді.

powered by social2s