Жаңалықтар
Болашаққа бастар жол – мамандықты дұрыс таңдаудан басталады
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 19
«Болашаққа бастар жол – мамандықты дұрыс таңдаудан басталады» ұстанымын негізге алған «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары Кенжеханова М.Б., Жолдасбекова Г.Ш., Қайсарова А.А., Үсенова Ж.Н. №45 мектеп-гимназиясының бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында талапкерлерге 6B07510 – «Стандарттау және сертификаттау» (салалары бойынша) және 6B07513 – «Метрология» білім беру бағдарламалары таныстырылып, мамандықтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, аталған мамандықтардың бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екендігі, болашағы зор бағыттардың бірі саналатыны және кәсіби даму мүмкіндіктері кең екендігі атап өтілді.



powered by social2s



