«Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында кураторлық сағат

Азық-түлік қорын тиімді пайдалану және тағам қалдықтарының көлемін қысқарту – қазіргі қоғам алдындағы өзекті міндеттердің бірі. Осы бағыттағы тәрбиелік жұмыстар аясында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының оқытушысы Тастанбекова Баян Омирзаховнаның ұйымдастыруымен СТ-24-9к тобының білім алушылары мен кафедра оқытушыларының қатысуымен «Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың тағамға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру, дұрыс тамақтану мәдениетін дәріптеу және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.Кездесу барысында әлем бойынша өндірілетін азық-түліктің едәуір бөлігі тұтынусыз қалып, қалдыққа айналатыны айтылды. Сонымен қатар мұндай жағдайдың қоршаған ортаға, табиғи ресурстарға және экологиялық тепе-теңдікке тигізетін кері әсерлері талқыланды. Білім алушылар сапалы әрі құнарлы тағамның адамның денсаулығы мен ой-өрісінің дамуына тікелей ықпал ететінін атап өтіп, мәселені шешуге қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.Ұсынылған бастамалар қатарында:тағамды ұтымды пайдалану мақсатында университет асханасында және тұрмыста қажетті мөлшерде ғана тұтыну дағдысын қалыптастыру; әлеуметтік қолдауды күшейту үшін аз қамтылған отбасылар мен көмекке мұқтаж азаматтарға арналған қайырымдылық азық-түлік акцияларын ұйымдастыру;экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында оқу орны аумағында шағын бақтар мен жылыжайлар ашу жобаларын жүзеге асыру ұсынылды.Тәрбиелік іс-шара барысында жастардың тағамға ұқыпты қарауы мен үнемшілдік қағидаларын ұстануы қоғам игілігіне оң әсер ететіні ерекше айтылды.Кездесуде сөз сөйлеген оқытушы Тастанбекова Б.О.: «Тағамды саналы пайдалану әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Білім беру ортасында дұрыс тамақтану қағидаларын насихаттау арқылы біз денсаулығы мықты, қоршаған ортаға жанашыр әрі жауапты жастарды тәрбиелей аламыз», – деп атап өтті.Іс-шара қорытындысында қатысушылар азық-түлік ысырабын азайтуға бағытталған үндеу қабылдап, университет көлемінде тағамды үнемді пайдалану мәдениетін насихаттайтын ақпараттық челлендж ұйымдастыру жөнінде келісімге келді.

 


Күнтізбе

Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.