«Қаржылық сауаттылық — табысты болашақ кепілі»

Қаржыны тиімді басқару, үнемдеу және инвестициялау негіздерін меңгеру — әрбір заманауи жастың табысты тұлға болып қалыптасуының негізі. Осы мақсатта Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Тұрғанбекова М.М.  ТП25-22р1 тобы студенттері және кафедра оқытушыларының қатысуымен «Қаржылық сауаттылық — табысты болашақ кепілі» тақырыбында тағылымды кураторлық сағат өтті. Шараның басты міндеті — жастар арасындағы негізсіз шығындар мен несиелік тәуелділіктің алдын алу, студенттерді жеке бюджетті саналы түрде жоспарлауға баулу болды.Жиын барысында студенттік шақтан бастап қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізудің маңызы, қаржылық алаяқтардан қорғану жолдары және күтпеген жағдайларға арналған «қауіпсіздік жастығын» (резервтік қор) жасау мәселелері қызу талқыланды. Студенттер күнделікті өмірде қолдануға болатын мынадай тиімді әдістерді ортаға салды:
  • Бюджетті жоспарлау: Кіріс пен шығысты бақылау үшін арнайы мобильді қосымшаларды белсенді пайдалану;
  • 50/30/20 ережесі: Табыстың немесе стипендияның 50%-ын негізгі қажеттіліктерге, 30%-ын жеке қалауларға жұмсап, қалған 20%-ын жинаққа салу мәдениеті;
  • Инвестиция негіздері: Қаржыны жай ғана сақтамай, сауатты түрде депозиттер ашу немесе бағалы қағаздар нарығын зерттеу.
Кураторлық сағат барысында ақшаны дұрыс басқару арқылы кез келген ірі мақсаттар мен армандарға қарызсыз, тек өз күшімен қол жеткізуге болатыны айтылды.
Куратордың айтуынша: «Қаржылық сауаттылық — бұл тек ақша табу емес, оны сақтай және еселей білу өнері. Студенттердің бойында шығындарды саналы түрде басқару әдетін қалыптастыру арқылы біз оларды болашақтағы қаржылық қиындықтардан қорғаймыз».Шара соңында қатысушылар қаржылық сауаттылық бойынша пайдалы кітаптар мен мобильді қосымшалардың тізімімен бөлісіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға уағдаласты.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.