Профессор-оқытушылар құрамы
Кафедра тарихы
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы
Бакалавриат Білім беру бағдарламалары
Кафедраның тәрбие жұмысы
Кафедраның жетістіктері
Халықаралық ынтымақтастық
Біздің жас ғалымдар
Талапкер
powered by social2s






03.04.2025күні «Ақпараттықтехнологияларжәне энергетика» жоғарғымектебінде «Замануи ғылым: жас ғалымдардың жаңа тәсілдері мен қазіргі зерттеулері» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» cекциясының жұмыс барысында жоспарланған 11 баяндама тыңдалды және олардың 4-і марапатталды.Нәтижесінде конференцияға қатысушылар төмендегідей I, II және III дәрежелі дипломдарға ие болды:
11.12.2024 жылы «Ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа қатерлері және интернет алаяқтықтан сақтану мен заманауи ІТ сауаттылықты арттыру әдістері» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда ақпараттық коммуникациялық технологияларының өзекті мәселелері, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, нейрожелілер, STEM білім беру жүйесін пайдалану, виртуалды технологияларды қолдану жолдары мен дамыту аясы туралы мәселелер қарастырылды.Нәтижесінде конференцияға қатысушылар төмендегідей I, II және III дәрежелі дипломдарға ие болды:






2023 жылдың 7 желтоқсан күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғарғы мектебінде Университетіміздің 80-жылдығына арналған «Жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жастар – жарқын болашақтың сенімді кепілі» атты студенттік ғылыми конференциясы болып өтті. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» секциясында 13 студенттің баяндамаларын тыңдау жоспарланған. Секцияның жұмыс барысында жоспарланған 13 баяндама тыңдалды және олардың 8-і марапатталды. Сонымен қатар конференцияда белсене катысып, баяндама жасаған 5 студент мақтау қағаздарымен марапатталды.






М.Әуезов атындағы ОҚУ «Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 05.02.2025ж.«Нашақорлық – денсаулық жауы» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның өтуіне ММГ-24-6к1 тобының білім алушылары белсенділік танытты. Кафедра оқытушысы Б.О.Тастанбекова нашақорлықтың зардабы, ұлтқа төндіретін қаупі, адам денсаулығына зияны және заң адындағы жауапкершілігі жөнінде пікірімен бөлісті. Іс-шара аясына білім алушылар нашақорлықтың алдын алуға бағытталған сахналық көрініс көрсетіп, концертік бағдарламасын ұсынды.









“Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушысы Тастанбекова Б.О ұйымдастыруымен 01.10.2024ж. “Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шара барысында тақырыпқа байланысты баяндама оқыды. Кафедра оқытушысы ұстаздардың қоғам мен білім ордаларындағы алатын орнын білім алушыларға түсіндірді.Жер бетінде сан мыңдаған мамандық иелері бар, солардың ішінде ұстаздық мамандықтың шоқтығы бәрінен де биік екендігі даусыз.К. Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.» Ия, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе беретін кәсіп емес. Ол үшін адамда ең алдымен туа бітті қабілеті болуы керек.Сондай-ақ терең білімімен қатар,мамандыққа деген сүйіспеншілігі әрі зор құрметі де болуы шарт.Қазіргі уақытта жақсы мұғалім дайындау үшін жоғары оқу орындарындағы оқытушылар білімгерлеріне барын беріп,өз пәндерінен терең білім мен оқыту әдістемесінен дәріс береді, яғни ,бір сөзбен айтқанда,өн бойында педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлік тұнып тұрған жақсы маман жасап шығару үшін жатпай-тұрмай еңбек етеді, маңдай терін төгеді.Мен осы бір мамандықты ерте көктемнен қыбырлай бастайтын,әр еккен өнімінен жеміс алу үшін күндіз-түні еңбек етіп жүретін бағбанның өміріне қатты елестетемін. Мұғалім де солай, ол әр шәкіртінен үлкен нәтиже күтеді. Ол өскелең ұрпаққа өз тарихы мен дәстүрін жеткізе отырып,қазіргі заман талаптарына сай етіп тәрбиелейді, құндылықтарды бойына сіңіреді. Мұғалімнің бойында педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлікті қалыптастыру үшін өмір бойы тер төгуіңе тура келеді.Осы тұста белгілі ақын,қоғам қайраткері М.Шахановтың «Бала жүрегі-кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Әр ұстаздың қолында сол кілт үнемі жүру керек» -деген сөзі еріксіз есіңе оралады. Мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастырып өту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін үздіксіз меңгеріп , өзінің алған теориялық білімін практикамен ұштастыра алса ғана еңбегінің нәтижесін көре бастайды.Ал осыдан соң мұғалімнің жұмысы қандай екенін біле беріңіз... «Инемен құдық қазғандай» болған оның әр еңбегі асқан төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді.Бүгінгі мұғалім. Ол білім алушылардың ой-өрісін кеңейтумен қатар,олардың санасын да қалыптастыра алатын тұлға.Оның сабырлылығы ,әділдігі және жанашырлығы білім алушылардың өзіне деген сенімін қалыптастырып,шығармашылық қабілеттерін дамытатыны анық.Сондықтан да қай кезде де мұғалімнің мәртебесін арттырып отыру үшін қоғамның барлық салалары бірлесіп жұмыс істеуі керек деп есептеймін.









ФОРУМ НӘТИЖЕСІНДЕ ОҚЫТУШЫЛАРҒА ЖҮЛДЕЛІ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Университетімізде өткен «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтердің V Халықаралық форумына қатысқан оқытушылар жүлделі орындардан көрінді. «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы, магистр Баян Тастанбекова білім алушыларға «ЖИ бағытында бағдарламаларды қолдана отырып ChatGpt, Undetectable.ai, Sytea, ChatPdf, Duolingo, Gamma қосымшаларымен жұмыс жасау» бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, аға оқытушы Сандуғаш Момбекованың «Инклюзивті Интеллекті: ЖИ үшін жауапты болашақ құру», «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті, PhD доктор Гульмира Сахметованың «Электр энергияның өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалар» тақырыбында ашық дәрісі тыңдалды.«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Айгерім Сейтханова «AI – аватарларды оқуүрдісінде қолдану: мүмкіндіктерімен болашағы» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Форум нәтижесімен Баян Тастанбекова «Білім беру технологиялары бойынша хакатан» аталымы бойынша І орынға, Айгерім Сейтханова ІІ орынға ие болды. Гульмира Сахметова «VR/AR технологияларын қолдану бойынша ең үздік сабақ» аталымы бойынша ІІІ орыннан көрінді.




«500 ғалым» бағдарламасы бойынша стипендия иегерлерін құттықтаймыз!
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 желтоқсанындағы шешімінің қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тоқтарова Айгерім «500 ғалым» бағдарламасы аясында Германия мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия иегері атанды.

"500" ғалым бағдарламасы бойынша грант иегерлерін құттықтаймыз! «500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында отандық ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бекітілген болатын. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 16 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды.
Оның ішінде, АКТ кафедрасының аға оқытушысы - Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Тұрғанбекова Мадина ғылыми тағылымдамадан АҚШ-та Иллинойс штаты, Иллинойс университетінің Жаһандық білім және оқыту кеңсесінде (GET) өтетін болады. Ғылыми тағылымдама бағдарламасы «Ақпараттық технолгоиялар мен жүйелер: улкен деректерді талдау, сала бойынша болжамды талдау» мамандандыру саласындағы зерттеулерге бағытталған. Бағдарлама стипендиттарды Иллинойс штатындағы деректер ғылымы, визуализация және машиналық оқыту салаларындағы мықты мамандармен таныстырады. Бағдарлама тақырыбы: Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту.

АКТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тұрғанбекова Мадина Data Science and Machine Learning бағдарламасы бойынша Урбана-Шампейндегі (АҚШ) Иллинойсуниверситетінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама аясында ол түрлі семинарларға, кездесулерге және іс-шараларға белсенді қатысуда. Тұрғанбекова Мадина ғылыми әдебиеттермен танысып, Academic Writing Workshop сабақтарына қатысуда, ондағылыми мақала жазудағдыларын жетілдіреді және академиялық жазудың негізгі принциптерімен танысады. Семинарларда презентация өткізіп, тағылымдаманың бірінші семестрін сәтті аяқтады.
Тағылымдама шетелдік оқу әдістемелерімен жұмыc істеудің құнды тәжірибесін ұсынады. Тәлімгер Ph.D., профессор Carolina Cuesta-Hincapie жетекшілігімен Тұрғанбекова Мадина ғылыми мақаламен жұмыс жасап,өз саласындағы заманауи зерттеулерді зерттеуде.
Екінші семестрде зерттеу міндеттерін орындауды,практикалық жобаларды және академиялық және кәсіби дағдыларды одан әрі дамытуды қоса алғанда, ауқымды жұмыс жоспарлануда.
В057 – Ақпараттық технологиялар
Мамандықтар:
"АКТ" кафедра мекен–жайы:
Шымкент қ, Тауке-Хан даңғылы 5, Г - корпусы, 8 этаж,
Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты
Тлеуов Ғ. Е.
Байланыс нөмері: 8701-774-81-34

Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School