Жаңалықтар
«Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша XVІІI Республикалық студенттік пәндік Олимпиада
2026 жылғы 23 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Цифрлық дәуірдегі кітапхана: білім, инновация, болашақ» атты XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Бұл күннің Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні мерекелерімен тұспа-тұс келуі шараның маңызын арттыра түсті. Аталған күн кітап пен білімнің қоғамдағы орнын айқындап, рухани құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.
Олимпиада – білім мен біліктіліктің, ізденіс пен шығармашылықтың тоғысқан алаңы. Болашақ «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін бұл сайыс кәсіби білімдерін шыңдауға, сондай-ақ шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді. Қатысушылар тек теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы жаңа идеялар ұсынып, ақпаратпен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін меңгереді. Осылайша, олимпиада студенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, кітапхана ісінің цифрлық дәуірдегі жаңа бағыттарын игеруге жол ашты. Республикалық XVIII пәндік Олимпиада бекітілген ережеге сәйкес 3 кезеңнен тұрады: 1.Таныстыру кезеңі; 2.Теориялық кезең; 3.Практикалық кезең (Жобаларды қорғау ). Әр кезең бойынша қатысушылардың білімі, дағдысы және кәсіби құзыреттіліктері ескеріле отырып, ережеге сәйкес бағаланды.
Олимпиада нәтижелері:
І орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Білім шамшырақтары” командасы. Жектшісі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Туенбаева Қалима Төлеубайқызы.
ІІ орын - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Sun book” командасы. Жетекшісі: М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің аға оқытушысы Тоиева Меруерт Есенгельдиевна.
ІІ орын - Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің “Fm girls” командасы. Жетекшісі: Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD, аға оқытушысы Усенбаева Шынар Мутановна.
ІІІ орын - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің “Bibliotich” тобы. Жетекшісі: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, магистр Насырова Мейрамгүл Аязбаевна.
ІІІ орын - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің “Biblistars” командасы. Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Утешева Звайда Бисеновна.
ІІІ орын - Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университетінің “Qazaq buk trend” командасы. Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Тукенова Роза Сатовна
Арнайы номинациялар:
Үздік жоба - М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің “Veline” командасы.
Үздік білімпаз- Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің “Fm girls” командасы;
Үздік команда- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Білім шамшырақтары” командасы;
Үздік жаңашылдық номинациясы- Ж.Тәшенов атындағы университетінің “Qazaq buk trend” командасы.
Олимпиада әділ - қазылар алқасы:
Төрайымы - Байдилдаева Ақбөпе Сағынтаевна, Әл- Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасының “Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету” бөлімінің басшысы.
Мүшелері:
Утегулова Ләззат Жазықбайевна - М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ақпараттық білім беру орталығының “Кітапхананы дамыту” бөлімінің меңгерушісі;
Отарбаева Гулжан Көбейқызы - “Жалпы тарих және музей ісі” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доценті;
Кукеева Мира Кульчимбевна - “Жалпы тарих және музей ісі” кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент ;
Мусаева Суйкум Тулембаевна - “Жалпы тарих және музей ісі” кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.












