Жаңалықтар
Жалпы педагогика және психология кафедрасының студенттері – республикалық деңгейдегі жеңімпаздар
«Тарих және педагогика» факультетінің "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының студенттері республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп, оқу орнының абыройын асқақтатуда.
«Психология» (6В03130) білім беру бағдарламасының ТП-25-13р тобының 1-курс студенті Искандарова Каролина Бахадуровна жоғары көрсеткіштері үшін марапатталып, «KKO.KZ» веб-сайты ұйымдастырған «Психология» пәні бойынша республикалық олимпиадада І орын иеленді.
Жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лекерова Г.Ж.
Сонымен қатар, 6B01901 – Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының ТП-25-16кр тобының 1-курс студенті Садуахас Әсел Жандосқызы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы» ұйымдастырған республикалық «Жылдың үздік студенті» атты талантты студенттер байқауында жеңімпаз атанып, университет басқарма төрағасы – ректор Дархан Жұмаханұлы Ахмед-Заки тарапынан арнайы марапатталды.
Жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна.
Бұл жетістіктер – кафедра оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен студенттердің білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Жалпы педагогика және психология кафедрасы алдағы уақытта да білікті мамандар даярлап, жаңа белестерді бағындыра беретіні сөзсіз.






