Жалпы педагогика және психология кафедрасының студенттері – республикалық деңгейдегі жеңімпаздар

«Тарих және педагогика» факультетінің "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының студенттері республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп, оқу орнының абыройын асқақтатуда.

«Психология» (6В03130) білім беру бағдарламасының ТП-25-13р тобының 1-курс студенті Искандарова Каролина Бахадуровна жоғары көрсеткіштері үшін марапатталып, «KKO.KZ» веб-сайты ұйымдастырған «Психология» пәні бойынша республикалық олимпиадада І орын иеленді.
Жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лекерова Г.Ж.

Сонымен қатар, 6B01901 – Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының ТП-25-16кр тобының 1-курс студенті Садуахас Әсел Жандосқызы  «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясы» ұйымдастырған республикалық «Жылдың үздік студенті» атты талантты студенттер байқауында жеңімпаз атанып, университет басқарма төрағасы – ректор Дархан Жұмаханұлы Ахмед-Заки тарапынан арнайы марапатталды.
Жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна.

Бұл жетістіктер – кафедра оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен студенттердің білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Жалпы педагогика және психология кафедрасы алдағы уақытта да білікті мамандар даярлап, жаңа белестерді бағындыра беретіні сөзсіз.

Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.