Жаңалықтар
«Қазақстандағы Президенттік институт: конституциялық прогрестің жаңа факторлары» тақырыбында дөңгелек үстел
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қазақстандағы Президенттік институт: конституциялық прогрестің жаңа факторлары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды Іс-шараға «Тарих және педагогика» факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Джунусбаев С.М., профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар, жас ғалымдар мен студенттер қатысты
Кездесудің басты мақсаты – Қазақстандағы президенттік басқару институтының даму ерекшеліктерін талқылау, конституциялық реформалардың мазмұны мен қоғам өміріндегі маңызын жан-жақты түсіндіру болды.
Жиын барысында Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Айсана Сманқызы конституциялық реформалардың ел дамуына тигізер ықпалына тоқталып, олардың құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлін кеңінен баяндады.
Сондай-ақ ,«Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Сәрсебай Карибаев Қазақстан Конституциясының қалыптасу кезеңдеріне тарихи тұрғыда талдау жасап, алдыңғы нұсқаларымен ұсынылып отырған жаңа жобаның ерекшеліктерін салыстыра түсіндірді. Спикер өз сөзінде мемлекеттік тілдің мәртебесі мен адам құндылықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Өз кезегінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Уткур Алиев Конституцияның жаңа жобасында отбасы институтының қоғамдағы орны мен маңызы айқын көрініс тапқанын атап өтіп, бұл құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі рөліне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, еліміздің конституциялық дамуы мен құқықтық реформалардың болашағына қатысты өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.