Жаңалықтар
Құрметті Мира Садақасовна! Сізді «Жан әлемінің жанашыры» –«Қазақстан психология ғылымының дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін» атты жоғары марапатқа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті Мира Садақасовна!
Сізді Психологтар күніне орай ұйымдастырылған Республикалық психологтар форумында «Жан әлемінің жанашыры» –«Қазақстан психология ғылымының дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін» атты жоғары марапатқа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – Сіздің көпжылдық ғылыми-зерттеу еңбегіңіздің, педагогикалық қызметіңіз бен психология ғылымының дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіздің әділ бағалануы. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, ғылымға деген адалдығыңыз бен шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әріптестеріңіз бен жас мамандарға үлгі болып келеді.
Сізді отандық психология ғылымының дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін зор құрметпен атап өтеміз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер, мықты денсаулық пен жаңа биіктер тілейміз. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті бола берсін!
Марапатыңыз құтты болсын!






