Жаңалықтар
Ұлы отан соғысының жаңа парақтары атты ғылыми практикалық конференция өтті.
30.04.2025 күні Шымкент қаласының Мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасында Ұлы отан соғысының жаңа парақтары атты ғылыми практикалық конференция өтті. Конференцияға Мұхтар Әуезов атындағы ОҚЗУ-дің аға оқытушысы Таштанов Жаңабек Әлібекұлы және ТП 24-5к1,ТП 24-5к2 топтарының білім алушылары қатысты.
1941-1945 жылдары Қазақстанда соғысқа қатысып ерлікпен қаза тапқан кеңес одағының батырларына тоқталып Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары атты деректі фильмімен сол тарихи кезеңге қысқаша шолу жасалынды.
Бәрі де ЖЕҢІС үшін, майдан үшін!
Қолына қару ұстаған жауынгер де, тылда түн ұйқысын төрт бөлген ана да, бір үзім нанын бөліскен бала да – барлығының жүрегінде бір ғана мақсат болды:
Жеңіс! Еркіндік! Отан!
Бұл – тек соғыс емес еді, бұл – намыстың, рухтың, адамгершіліктің майданы болды.
Қазақ даласынан шыққан мыңдаған батырлар:
«Менің елім аман болсын» деп алға ұмтылды!
Біз олардың аманатымен өмір сүріп отырмыз.
Ендеше, естен шығарма, ұмытпа, мақтан!