6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XVII республикалық пәндік олимпиадасы.

2025 жылдың 22-26 сәуір аралығында 6В03210 – «Кітапхана ісі» (6В03205 – «Кітапхананың ақпараттық жүйелері») білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
            С.Қаниева атындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасының мәжіліс залында республикалық олимпиада өтті. Шараны Физика-математика институтының Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы ұйымдастырды.
            Олимпиада оқу-тәрбие үдерісіне жаңалықтарды іздестіру және енгізу, кітапханашылардың кәсіби дағдылары мен дербестігін дамыту, болашақ мамандардың таланты мен қабілетін анықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Дарынды жастарды қолдау арқылы студенттік пәндік олимпиада «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекетаралық және халықаралық деңгейде командалық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Олимпиада жұмысының әділ-қазылар алқасының Төрағасы:
  1. Сайдембаева Алия Шуратқызы - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры
Олимпиада жұмысының әділ-қазылар алқасының мүшелері:
  1. Маханбетова Гульмира Абылайханқызы - ҚР Ұлттық кітапханасы, Ғылыми-әдістемелік қызмет жетекшісі
  2. Өтегенова Әсем Мұхтарқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, С.Қаниев атындағы Ғылыми кітапхананың директоры
  3. Нұржанова Гүлмира Исатайқызы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика институты «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор
  4. Усенбаева Шынар Мутанқызы - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  Физика, математика институты «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының магистр, аға оқытушы
       Республикалық олимпиаданың негізгі міндеттері: шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды және дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау, конкурсқа қатысушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға ықпал ету, оларды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.
6В03201 – «Кітапхана ісі»  білім беру бағдарламасы бойынша студенттік пәндік Олимпиада – командалық сайыс түрінде 3 кезең бойынша өткізіледі:
І кезең. Команданың сәлемдесуі үй тапсырмасы ретінде орындалады. Тапсырмада кітапхана саласындағы тәжірибелік жұмысқа, шығармашылық бөлімдерге бағытталуды, мәнін, ерекшеліктерін қамтитын білім беру бағдарламасы таныстырылады.
Бағалау критерийлері: креативтілік, инновациялылық, ақпараттық технологияларды пайдалану. Конкурстық бағалау - 20 балл. Ұзақтығы - 5-7 мин.
ІІ кезең. Командалардың ситуациялық және «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша сұрақ-жауап сайысы. Әр командаға 1 (бір) ситуациялық және 2 (екі) «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы аясында сұрақтар беріледі.
Бағалау критерийлері: эрудиция, тапқырлық, білім, тез шешім қабылдай білу. Конкурстық бағалау - 30 балл.
ІІІ кезең. Кітапхана қызметіне байланысты ғылыми жоба жасау және қорғау.
«Жаңа көзқарас – жаңа кітапхана» (кітапхана жұмысында жаңа технологияларды енгізу және қолдану);
            Республикалық олимпиадаға Қазақстан Республикасының төрт жоғары оқу орнынан төрт команда қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ж.А. Тәшенов атындағы университет, Шымкент қаласы.
            Республикалық олимпиадаға қатысқан М.Әуезова атындағы ОҚУ-нің студенттері жан-жақты, терең білім мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Олимпиадалық кезеңдердің қорытындысы бойынша ОҚУ командасы жеңіске жетті. М.Әуезова «Bookliders» – 1 орын (топ жетекшісі – аға оқытушы, магистрант Тоиева Меруерт Есенгельдиевна, команда капитаны – Абдужаппар Айша Ердәулетқызы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «LIBNEWAVE» командасы – 2 орын және командалық 3 орын.
            Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Edugrace» командасы және Ж.А. Тәшенов атындағы университетінің «Ташенев ақпарат арулары» командалары иеленді.
6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша ХҮІІ-ші Республикалық пәндік олимпиадаға жоғары деңгейде дайындығы үшін барлық топ мүшелері мен команда жетекшілері  мақтау қағаздары және алғыс хаттар, дипломдармен марапатталды.
 Жетекші:Тоиева М.Е.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.