Жаңалықтар
“Жалпы педагогика және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында "Психология" БББ бойынша III пәндік олимпиада болып өтті.
10 сәуір күні Тарих және педагогика факультеті “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында "Психология" БББ бойынша III пәндік олимпиада болып өтті.
Конкурс барысында студенттер тест, психодиагностика, интерпретация және дискуссия-пікірталас кезеңдерінде өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Олимпиада қызықты өтті.
Жеңімпаз топ — «Психоөрлеу» тобы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды!
Ғылыми жетекшісі: Сахиева Ф.Ә.
Команда мүшелері — ТП-22-13-Дк тобының талантты студенттері:
• Стамқұлова Балауса
• Бақытқызы Жансая
• Әбдіғани Аруана
• Рахматулла Жазира
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білімге деген құштарлық пен психологияға деген қызығушылық — үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз!