Жаңалықтар
«FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция.
11 сәуір күні Шымкент қаласында Ж.А.Ташенов атындағы университет ұйымдастыруымен «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференцияда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ТП 24-21КР тобының 1 курс студенті Солод Ева, Абуталипова Айгерим Жанибековнаның жетекшілігімен «Түзету жаттығуларының студенттердің оқуға деген қызығушылығы мен мотивациясына әсері» тақырыбында баяндама жасап, алғыс хатпен марапатталды.