ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасының Жизақ қаласында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалында «Компьютерлік ғылымдар және инженерлік технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.
     Халықаралық ғылыми конференцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеуқұлов Гауһарбек Сейдуллаұлы қатысып, «Деятельность туркестанских джадидов: на примере Конгирходжа Ходжикова» тақырыбында баяндама жасады.
     Баяндамада Түркістан өлкесіндегі жәдидтік қозғалыстың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері, оның ағартушылық бағыттағы қызметі және қоғамның мәдени-рухани жаңғыруына қосқан үлесі қарастырылды. Сонымен қатар Қоңырқожа Қожықовтың қоғамдық-ағартушылық қызметіне назар аударылып, оның Түркістан өңіріндегі білім беру мен ұлттық сананы қалыптастырудағы тарихи рөлі талданды.
     Конференция аясында қатысушылар ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Халықаралық ғылыми басқосу отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, зерттеу нәтижелерін ортаға салуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.
     Мұндай халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу университет ғалымдарының ғылыми әлеуетін арттыруға, тарихи зерттеулердің нәтижелерін халықаралық деңгейде танытуға және ғылыми әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді.
Image
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.