07.12.2018 жылы Қазақстан бойынша жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні өтті. Жемқорлық сөзінің анықтамасы ежелгі рим құқығында сот тәжірибесіндегі құқыққа қарсы әрекеттерді, зақымдау, сындыру, бұзу, сатып алу сияқты әрекеттерді білдіреді. "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к, доцент Сейдахметов М.К. барлық мамандықтар студенттерімен аталған тақырып бойынша кездесу өткізді. Сейдахметов М.К. сыбайлас жемқорлық бойынша ақпарат берып, оның жағымсыз әсері мен оның салдары туралы айтып берды, сұрақтарға жауап берді.
powered by social2s