Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің ПОҚ 2026 спартакиадасының салтанатты жабылуына қатысты
- Қаралды: 9
2026 жылғы 20 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ПОҚ мен қызметкерлері арасындағы XXVIII дәстүрлі қысқы Спартакиаданың салтанатты жабылуына декан, қауымдастырылған профессор Гүлнара Тастанбекова мен Аграрлық факультеттің командасы қатысты.
Марапаттау рәсімінде университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Спартакиаданың табысты аяқталуымен және жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтады.
Аграрлық факультеттің командасы үстел теннисінен екінші орынды иеленді.
Әріптестерімізді құттықтап, жаңа спорттық және жеке жетістіктер тілейміз!







