Жаңалықтар
Аграрлық факультетте Auezov university - 2026 халықаралық қысқы мектебінің жұмысы аяқталды
- Қаралды: 15
2026 жылғы 23 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Аграрлық факультетінің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының ұжымы ұйымдастырған «Аграрлық сектордағы және ресурстарды басқарудағы жасанды интеллект» тақырыбындағы Auezov university - 2026 халықаралық қысқы мектебінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Өз баяндамаларында Қазақстан ғалымдары еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде жасанды интеллект негізінде цифрлық технологиялар мен шешімдер белсенді енгізіліп жатқанын атап өткен. Бұл құралдар аграршыларға өндірістің тиімділігін арттыруға, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге көмектеседі. 648 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өз қызметінде цифрлық шешімдерді қолдануда. Бұл көрсеткіш оң серпінге ие және технологияларды практикалық қолдану мен фермерлердің қызығушылығының кеңеюіне қарай өсуін жалғастыруда.
Кәсіпорындардың жалпы санының 396-сы өсімдік шаруашылығында, 211-і мал шаруашылығында, 41-і ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында цифрлық технологияларды енгізуде.
Қысқы мектептің жұмысы барысында Ресей, Беларусь, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның ғалымдары, оқытушылары мен мамандары сөз сөйлеп, АӨК-ні цифрландыру оның технологиялық жаңғыртылуын және барлық елдердің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың негізгі факторларының біріне айналатынын атап өтті.
Қысқы мектептің жұмысы аяқталғаннан кейін спикерлер Алғыс хаттар, ал қатысушылар сертификаттар алды.









